Түркістан облысында «Жеңіс» саябағы тазартылды

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында өткен сенбілікке Отырар ауданынан 500 адам қатысты, деп хабарлайды 24KZ.

Білім және мәдениет саласының қызметкерлері мен аудандық мәслихат депутаттары Ынталы ауылындағы «Жеңіс» саябағын қоқыстан тазартты. Отырарлық жауынгерлердің құрметіне қойылған ескерткіш маңын жуып, сырлау жұмыстарын жүргізді.

Мырзахан Манапов, Отырар аудандық мәслихат хатшысы:

- Отырар ауданында 38 елді мекен бар. Барлық ауылдық округтердегі елді мекендерде осындай тазалық жұмыстары жүріп жатыр. Осы акциямен тоқтап қалмай, осы іс-шараның бәрін жылдың аяғына дейін жалғастырып, ұйымдастырамыз елдің бәрін. Осы түсінікті қалыптастыруымыз керек. Елдің тазалығы – ауылдың тазалығы. Ол тұрғындардың көтеріңкі көңіл күйі болады. Елдің берекесі кіреді деп ойлаймын.