Пәкістанда жарылыстан үш адам қаза тапты

Пәкістанның Хуздар қаласында жарылыс болып, 3 адам мерт болды.

Тағы 7 кісі жарақат алды. Құрбандардың қатарында жергілікті баспасөз клубының президенті мен журналист болған. Полицияның хабарлауынша, қылмыскер қашықтан басқарылатын жарылғыш құрылғыны пайдаланған. Қазір ішкі істер министрінің бұйрығымен лаңкестікке қарсы операция жүргізілуде. Айта кетейін, "Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымы Худзар қаласын журналистер үшін ең қауіпті он шаһардың қатарына қосты.