Қостанай облысында ұшақ суға қонуға мәжбүр болды

Қостанай облысында санитарлық рейс орындап жатқан Ан-2 ұшағының биіктігі күрт төмендеп, әуе кемесі суға құлады.

Оның бортында 5 адам отырған. Барлығы эвакуацияланған. Алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ. Төтенше жағдайға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оны анықтау үшін комиссия құрылды.