Бауыржан Байбек шаһардағы әртүрлі сала өкілдерімен кездесті

Бауыржан Байбек шаһардағы әртүрлі сала өкілдерімен кездесті

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек шаһардағы әртүрлі сала өкілдерімен кездесті.

Қала басшысы Президент жолдауының маңызы туралы айтып, экономикалық-әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша есеп берді. Бүгінде еліміз экономикалық дамудың жаңа жолына түсті. Шағын және орта бизнесті дамытудың заманауи бағдарламасы қабылданды. Нақтырақ айтқанда, қалада жыл басынан бері мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында 10 жоба қолға алынды. Сонымен қатар, Алматыда және еліміздің өзге өңірлерінде ашылып жатқан кәсіпорындар отандық өндірісті арттырып, жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізіп отыр.

Юрий Тілеумұратов, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағдарламасының басты мақсаты - мемлекеттің экономикалық әлеуетін арттыру. Сонымен қатар көптен айтылып жүрген балама энергия көзі еліміз үшін өте маңызды. Жолдаудағы бес басымдық экономика мен бизнеске тікелей қатысты.