Қарағандыда сот жүйесіндегі жаңғырту талқыланды

Қарағанды өңіріне іс сапармен барған Сенат депутаты Серік Ақылбай облыстың судьяларымен кездесті.

Жиын барысында Елбасы Жолдауында айтылған еліміздің сот жүйесін жаңғыртуға қатысты тұстарын бірігіп талқылады. Өңірдегі сот жүйесін жетілдіруге қатысты судьялардың пікірін тыңдады. Сенатор осы бағыттағы заң жобасы қабылданар кезде тәжірибелі судьялардың ұсыныс-тілектері міндетті түрде ескерілетінін айтты.

Серік Ақылбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Біздің демократиялық деңгейіміздің өскені, жалпы экономикамыздың нығайғаны, саяси беделіміздің жоғарылағаны және халықтың дайын болғаны. Сондықтан осындай реформалар жүріп жатыр. Сот жүйесін одан арыізгілендіру  демократиялық үрдісін жалғастыру қажет. Бүгін білікті судьялардың ойларын тыңдауға келдік. Себебі біз заң қабылдаймыз, оны қабылдау үшін бізге осындай ұсыныстар керек болады.