USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Астана маңындағы жасыл белдеу

  • 1708
Астана маңындағы жасыл белдеу

«Орманы бардың – қорғаны бар» деп халқымыз бекер айтпаса керекті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы Жасыл белдеу жобасын жүзеге асыруға пәрмен берді. Алайда сол жылдары  Сарыарқаның сары даласына орман өседі дегенге көпшілік күмәнмен қараған еді. Бірақ ғылым мен білім жеңді. Санаулы жылдар ішіндегі ит тұмсығы батпайтын ну орман баршаға жоқтан бар жасауға болатындығын анық көрсетті.

Қаланы желдің өтінен сақтап, таза оттегімен қамтамасыз етіп тұрған «Жасыл белдеу» жобасы – бүгінде еңселі елорданың мақтанышы. Жоқтан бар жасау жолында еліміздің бірнеше тұқымбақтары тынымсыз жұмыс істеп, межелі міндетті бағындырып келеді. Сала мамандары Арқаның аязына төзетін, сазды жерді жатсынбайтын тұқымдарды арнайы таңдап, сұрыптап алады. Нәтижесінде қажырлы еңбең  елорданың ажарын аша түсті. 

Бұл күндері «Жасыл белдеу» елорданың іргесін бекіткен бейіш мекенге айналды. Мұнда ағаштың алпыстан астам түрі өседі. Қайың, қарағай, шыршаңыздан бастап, қарақат пен жиде, алма ағаш пен шиеге дейін жайқалып тұр. Мамандар 2020 жылға дейін орман алқаптарының жалпы аумағын 100 мың гектарға жеткізуді мақсат етіп отыр. 

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде