USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

«Хабар 24» арнасы ұйымдастырған шеберлік сабақтары

  • 1103
«Хабар 24» арнасы ұйымдастырған шеберлік сабақтары

Бүгін «ҚазМедиа» орталығында белгілі журналистер ресейлік Алексей Пивоваров пен түркиялық Зафер Кираздың шеберлік дәрістері өтті. Шара еліміздің басты ақпараттық арнасы «Хабар 24-тің» 5 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.

Әлемдік журналистикада өзіндік із қалдырған мамандармен кездесуге «Хабар» агенттігінің тілшілерімен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Журналистика және саясаттану» факультетінің студенттері де келді. Шетелдік спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жиналған қауымды қызықтырған түрлі сауалға жауап берді.

Айта кеткен жөн, шара барысында «Хабар 24» арнасының басшысы Арман Сеитмамыт арна мерейтойына орай болашақ тілшілердің арасында өтетін байқауды жария етті. Байқау туралы толық ақпарат.

 

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде