Агросектор. Агротехнологиялық хаб

Агротехнологиялық хаб бағдарламалары біраз жылдан бері АҚШ, Еуропа, Индонезия елдерінде сәтті іске асырылып келеді. Ал елімізде бұл енді қолға алынып жатыр. Бүгінгі шығарылымда біз осы бағытта жұмыс жасап жатқан Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Еуразиялық технологиялық университетінің жұмыстарымен танысамыз. Бірі аграрлық бағытта білім беретін алғашқы жоғары оқу орны болса, енді бірі аграрлық сектор үшін кадрлар даярлайтын алғашқы жекеменшік білім ошағы. Онда студенттер мен белгілі ғалымдар шаруалардың күнделікті еңбегін жеңілдетуге арналған жаңа технологияларды жасау үшін тынбай еңбектеніп жатыр.