Агросектор. ҚазҰАУ-ды трансформациялау

Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институты Қазақстандағы алғашқы ауыл шаруашылығы саласындағы оқу орны. Іргесі 1929 жылы қаланған онда сол уақытта ветеринарлық факультет негізінде әр түрлі кафедралар ашылды. Ал бүгінде Қазақ ұлттық аграрлық университеті инновациялық типтегі жоғарғы оқу орындарының бірі. Бағдарламаның түсірілім тобы бүгін сіздерді ҚазҰАУ-ды Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялау жұмысының бағытымен толығырақ таныстырады.