Агросектор. Сүтті сиыр өсірудің сыры

Бағдарламаның түсірілім тобы Астанадан 130 шақырым жердегі Сұңқар ауылына жол тартты. Онда кішігірім шаруа қожалығы орналасқан. Небәрі 120 ірі қара малы бар қожалықта 10 адам еңбек етеді. Әрқайсысы өз ісінің маманы. Алайда түйіткілі шешілмей отырған бір жай бар дейді шаруашылық басшысы. Ол сауыншылардың жетіспеуі. Оның себебі неде? Бағдарламаның түсірілім тобы бүгін сіздерді шаруа қожалығының күнделікті жұмыс барысымен таныстырады.