Агросектор. Балық шаруашылығы

Балық өнімі денсаулыққа пайдасын да зиянын да тигізуі мүмкін. Ол әрине балықтың қайдан келгеніне және қандай жағдайда өсірілгеніне байланысты. Йод, фосфор, калций балық құрамындағы пайдалы заттар. Балық адамзаттың рационына ең қажетті тағамның бірі. Өкінішке орай балық шаруашылығын жандандыру өте қиын шаруа. Еліміздегі ихтиопатолог мамандардың аздығы да жағдайға кері әсерін тигізуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі аталмыш салаға қаншалықты көңіл бөліп отыр? Балық шаруашылығының елімізде болашағы қандай? Бүгінгі бағдарламада тарқатамыз.