Қуаңшылық пен су қорының жетіспеушілігі

Былтыр диқандар 24 млн гектар жерге егін тастады. Жауапты министрлік бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға көп екенін айтып, бөрігін аспанға атқан болатын. Бірақ жиын-терім жылдағыдан айтарлықтай аз болды. Оған қуаңшылық пен су қорының жетіспеушілігі себеп көрінеді. Бүгінгі шығарылым елдегі қуаңшылық жайлы болады.