Маңғыстау облысындағы алғашқы оқушылар сарайы

Біздің келешегіміз - жас ұрпақ. Ал жас ұрпақты тәрбиелеу адамзаттың басты миссияларының бірі. Осындай бастамамен биыл наурызда, Ақтау қаласында Маңғыстау облысындағы алғашқы оқушылар сарайы қолданысқа берілді. Аумағы шамамен 13 мың шаршы метрді құрайтын заманауи хайтек стиліндегі ғимараттың ерекшелігі мен басты міндетін бүгінгі шығарылымда айтатын боламыз.