«Арнайы репортаж». Жайықтың жауһарының хәлі нешік?

Шалқарға оралдықтар да жиі ат шалдырып тұрады.

Бұрын жол болмаған кезде қала мен екі арадағы 80 шақырымды еңсеру оңайға түспейтін. Жауын-шашынды күндері көл жаққа жету тіпті қиындап кетеді. Қазір тақтайдай тегіс болмағанымен, асфальт жол бар. Сәйкесінше жағалауда демалуды қалайтын қалалықтар қатары көбейе түскен.