Арнайы репортаж. Табыстар мекені

Іргелі жобаларымен тарихта қалатын Қазақстанның ендігі ширек ғасырға жасаған жоспары қомақты. 2020 жылға дейін қазақстандықтардың санын 20 млн жеткізу, 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру, шикізатқа тәуелділіктен арылып, бәсекеге қабілетті елдер қатарында болу. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Мақсат бар, меже айқын. Оның бағасын келешек ұрпақ берер. Ал бүгінгі Қазақстанның қарқыны қандай? Ол – табыстар мекені. Қазақ елінің даму жолын саралаған мамандар ширек ғасырда атқарылған іс пен жоспарды бағамдаса дәл осылай баға берері анық. ҚР Тұңғыш Президенті күні біз де Елбасы ұсынған, қолдаған бірнеше ірі жобаларды назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. 25 жылда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жасаған жарқын істер жайлы тілшіміз Елдар Бақпаевтың арнайы репортажында.

Сондай-ақ...