Арнайы репортаж. Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы

Түркия басылымдарының бірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде көтерген әлемдік дейгейдегі маңызды бастамалары мен өткір реформалары қамтылған кең көлемді мақала жарияламақ.  Күніне 30 мың данамен жарық көретін белді басылым ҚР Президентінің ішкі және сыртқы саясаттағы жасаған әрбір қадамын қалт жібермей байыппен талдап, сараптап отырады. Тағдыры мен тарихы сабақтас халықтардың басын жиып, интеграциялық үдерістерге үнемі Қазақ елі бастамашы болып келеді.  Соның айғағы Елбасының бастамасымен  тікелей бой көтерген халықаралық институттардың бүгінде түркі дүниесінің игілігі үшін табысты қызмет етуі болып отыр. Толығырақ Түркиядағы меншікті тілшіміз Ержан Жүністің арнайы репортажында.