Арнайы репортаж. Жеңіс тұғырында

Қазақстан егемен ел болып, ту ұстап жарысқа қатысқалы ширек ғасыр болды. Қысқы немесе жазғы Олимпиада ойындары басталар кезде спортшыларға арналған қалашықта Қазақ елінің де туы көтеріледі. Қазақстан дербес мемлекет ретінде ареналардағы байрақты бәсекелерден медаль алып жүр. Кешкен бейнет, өткен жолдың өтеуі де көңілге үміт ұялатады. 25 жылдағы спорттағы жетістіктеріміз жайлы арнайы репортажда толығырақ тарқатамыз.