Арнайы репортаж. Қостанай облысының экономикалық-әлеуметтік дамуы

Жер көлемі 196 мың шаршы шақырымды алып жатқан Қостанай биылғы жылды табысты аяқтады. Астықты аймақ диқандары ел қамбасын 5 500 000 тонна бидаймен толтырды. Мұның барлығы мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасы дейді мамандар. Себебі одақтың ыдырауы мен қалыптасқан экономикалық байланыстың үзілуі өңірдегі ауыл шаруашылығына да үлкен соққы болды. Тіпті 1999 жылға дейін егістік алқабы 2,5 есе қысқарды. Қолдағы техникалардың да тозығы жетті. Алайда 2003-2015 жылдар аралығында облыстық ауыл шаруашылығы кешеніне қаражат салынып, диқандар үшін бірнеше демеу қаржылар қарастырылды. Тәуелсіздік жылдарындағы аймақтың дамуы жайлы меншікті тілшіміз Абылай Маудановтың арнайы репортажында.