Арнайы репортаж. Ширек ғасырдағы мәдениет саласының жетістіктері

Театр, опера, балет, кино. Өткен 25 жылда өнердің қай түрі болса да өз көрерменін тапты деуге толық негіз бар. Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің барлық саласына үлкен серпін беретін жұмыстар атқарылды. Бұл бағытта мәдениет саласы да кенде қалмады. Халықтың төл өнері қайта түлеп, дәстүрлі ән-күйлеріміз жаңғырды. Бүгінде ұлттық музыкаға ден қойған өнер ұжымдарының саны артып келеді. Үлкен белестерді бағындырғандары қаншама. Мәдениет саласының ширек ғасырда жеткен жетістіктері жайлы тілшіміз Дариға Ташенованың арнайы репортажында.