Арнайы репортаж. Мұнайлы өлкенің ширек ғасырдағы дамуы

90-шы жылдардың басында Атырау облысы Кеңестік кезеңнен кейінгі тоқырауды бастан кешірді. Аймақта мұнай-газ қоры мол болғанымен оны игеру жас мемлекетке қиындықтар туғызды. Елбасының батыл ұстанымдарының арқасында бұл салаға инвестиция тартылып, өндіріс аяғынан тұрды.  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылында Атырау облысы республика бойынша ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің біріне айналды. Осы уақыт аралығында жергілікті кәсіпорындар өндіретін өнім көлемін 300 есеге дейін өсірді. Мұнайлы өлкенің ширек ғасырдағы жетістіктері жайлы толығырақ меншікті тілшіміз Бекен Әлирахымның арнайы репортажында.