Арнайы репортаж. Дипломатиялық қатынасқа – 25 жыл

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас 1992 жылдың 3 қаңтарынан бастап орнады. Сол жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Бейжіңде Қазақстанның елшілігі ашылды. Осы сәттен бастап екі ел арасындағы сауда, экономика, әскери, мәдени байланыстар дами бастады. Еліміздің шығыстағы алып көршісімен бастаған алғашқы қадамдары мен бүгінгі байланысын толығырақ Нұрбек Бекеннің арнайы репортажынан көре аласыздар.