Павлодар арнайы экономикалық аймағы қаланың солтүстік өндірістік бөлігінде орналасқан. Аймақтың жалпы көлемі шамамен 3300 гектар жерді қамтиды. Бұл жоба бүкіл Қазақстанның өмірінде маңызды роль атқаратын болады. Себебі мұнда бұрын-соңды болмаған кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылады. Сондай-ақ Павлодар арнайы экономикалық аймағының жұмысынан қолайлы инвестклимат қалыптасып, салық пен кеден кірістері артады. Бұл туралы толығырақ тілшіміз Қарлығаш Қасиетованың материалынан біле аласыздар.