Арнайы репортаж. EXPO 2017: жаhандық шара қорытындысы
- Қазақ жерінде өткен халықаралық шараға дүйім жұрт атсалысты. Жоғары деңгейдегі көрме ТМД елдері арасында алғаш рет өтті.
- Астанадағы көрменің басты павильоны «Нұр Әлем» расында әлем назарын өзіне аударып, жұршылық қызығушылығын арттырған. Павильонға келушілердің саны күніне 28 мыңға жуықтаған.
- Көрмеге үш айда 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысып, болашақ энергиясы тақырыбында өз ізденістерін көрсетті.
- Астана EXPO 2017 көрмесінен кейін, жоғары технологиялар орталығы ғана емес, әлемдік өркениеттің тоғысқан мекеніне айналды.
- Аталмыш көрмені өткізу ендігі Араб Әмірліктеріне бұйырды. 2020 жылы Дубай қаласы EXPO қонақтарын құшағын кеңінен жайып қарсы алмақ.