Artsport жобасының әлеуеті | Арнайы репортаж

Бірнеше ай бұрын «балалар спорты қаржыдан қағылды», деген тақырыптағы материалдар жиі жариялана бастады. Оған Artsport жобасындағы шикіліктер себеп. Жалпы бағдарлама өте қысқа аралықта дайындалып, бірден қолданысқа еніп кетті. Әсіресе қаржыландыру тетіктері, электронды платформасы және жобаны бақылауға қатысты түйіткілдер жанжақты ескерілмеген. Соның салдарынан тапсырыс беретін әкімдіктер де, тапсырысты орындайтын кәсіпкерлер де тығырыққа тірелді. Ал оның артында ондаған мың бала және ата-аналар бар.

«Арнайы репортаж» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.