Қазақстанда үш ауысымда бала оқытатын 107 мектеп бар

Бүгінде бала саны тым көп болғандықтан, оқушыларды қалай да сыйғызып, білім беру үшін осылай амалдауға тура келеді. Кей мектеп тіпті кең дәлізді тарылтып, қосымша класс ұйымдастыруға мәжбүр. Қазақстанда үш ауысымда бала оқытатын 107 мектеп бар. Осыдан-ақ еліміздегі мектеп тапшылығының мәселесі өткір тұрғанын аңғару қиын емес.