Дархан дала. Сіз Шымкентте балалар темір жолы барын білесіз бе?

20 жылдан астам уақыт тоқтап тұрған нысан былтыр қайта пайдалануға берілді. Ұзындығы 8 шақырымды алып жатқан бұл жолдармен сіз жарты сағатта қаланың көрікті жерлерін қызықтап үлгересіз.

Жалпы Шымкент қазіргі заман мен көне тарих, мәдениет пен өнердің ұштасқан, өндірістің қайнаған ортасы десек артық айтпаймыз.

Сөзімізге сапасы жағынан шетелдік шұлықтармен бәсекелесе алатын өндіріс ошағы дәлел. Бұл жерде айына 30 мың данаға дейін тауар өндіріледі. Отандық өнімге деген сұраныс өте жоғары дейді мамандар.

Сондай-ақ бүгінгі шығарылымда біз 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде ашылған «Қылует» этномұражайына тағы да тоқталуды жөн көрдік. Өнертанушы, этнодизайнер Кендебай Қарабдалов ашқан мұражайда 7 метр тереңдікте орналасқан орда бар. Нысан жайлы қызықтар толығырақ бүгінгі шығарылымда.

Сондай-ақ...