Дархан дала. Степняк қаласы

Ақмола облысындағы Жекей көлі қылқан жапырақты қалың орман қоршаған шексіз далаға ұласып жатыр. Бір жарым ғасырдан астам уақыт бұрын дәл осы көрініс Біржан салды шабыттандырса керек.

Көл жағасында оның салған әнін алты қырдың астындағы ауыл естіген деседі. Бүгінде бұл ауыл 4 мыңнан аса тұрғыны бар қалаға айналған. Сол уақыттан бергі атауы да өзгерді. «Дархан даланың» түсірілім тобы Еңбекшілер ауданының орталығы Степняк қаласында.