Дархан дала. Тайынша ауданы

Бұл өңірде отандық нарықта бәсекеге қабілетті өндіріс ошағы орналасқан. Солтүстік Қазақстан облысы тек ауыл шаруашылығын ғана емес, өнеркәсіпті де қатар алып келеді. Оған дәлел полиэтилен құбырларын өндіру зауыты. 5 жыл ішінде 10 мың тонна өнім шығарған өндіріс ошағы биыл жаңа цехын іске қосты. Тайынша ауданының тыныс-тіршілігін толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.