Дархан дала. Ақтөбе қаласының іскер әйелдері

Жалпы елімізде соңғы жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әлеуметтік жобаларды іске асырып жатқан кәсіпкерлер жетерлік. Әсіресе бұл бағытта әйелдер қауымы белсенділік танытып отыр. Сөзімізге дәлел Ақтөбе қаласында салынған 5 балабақша мен спорт кешені, АХАЖ ғимараты мен бизнес орталығы. Бұлардың барлығы нәзік жанды іскер әйелдің арқасында жүзеге асқан. Бүгінгі шығарылымды біз осы өңірде өз кәсібін дөңгелетіп отырған осындай жандарға арнаймыз. Олар істі қалай бастады?