Дархан дала. Ақтөбенің өткені мен бүгіні

Бағдарламаның түсірілім тобы Әлия Молдағұлованың туған жері Ақтөбе қаласында. Мұнда ерлігімен ел даңқын асқақтатқан батыр қыздың атында облыстық мемориалды музей бар. Музей қоры 5 жыл ішінде жинақталды. Оған сол кезде көзі тірі Әлияның майдандастары, командирлері мен туыстары ат салысты. Осылайша музей 1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 60 жылдығы қарсаңында ашылды. Бүгінде қорда 9 мыңға жуық экспонат бар. Осы шығарылымда сіздер музеймен, экстремалды спорт түрін жақсы көретін жастар жиналатын өңірдегі алғашқы скейт саябағымен жақынырақ танысасыздар.