Дархан дала. Қарағанды: отандық медицинадағы серпін

1934 жылы әлем картасына енгізілген Қарағанды индустриалды өнеркәсібі дамыған ғылыми-мәдени саласымен ғана емес, мықты медицинасымен де мақтана алады. Онда биыл «Karaganda Invest 2016» IV халықаралық инвестициялық форум аясында қант диабетін ерте бастан анықтауға мүмкіндік беретін республикадағы екінші үлкен эндокринологиялық орталық ашылды. Мекеме заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бағдарламаның түсірілім тобы бүгін сіздерді Қарағандымен таныстырмақ.