Дархан дала. Теміртау: металлургтар қаласы

50-жылдардың екінші жартысында Теміртау қаласы қарапайым жұмысшы кентінен еліміздің индустриялық орталығына айналды. Тарихы сонау 1942 жылдан бастау алатын ең үлкен металлургиялық зауыт осы қалада орналасқан. Оның аумағы 5 мың гектар. Дәл осы жерде Елбасымыз өз еңбек жолын бастаған. «Дархан дала» бағдарламасының түсірілім тобы бүгін сіздерді өндірісі өркендеген Теміртау қаласының тынысымен таныстырады.