Дархан дала. Рудный қаласы

Қостанай облысы ғажап табиғатымен, құнды тарихымен, талантты тұлғаларымен және пайдалы қазбаларымен мақтанатын өңір. Әсіресе темір кен өндірісі облыста жақсы дамыған. Бағдарламаның түсірілім тобы облыс орталығынан 46 шақырым жердегі Тобыл өзенінің жағасында орналасқан Рудный қаласына жетті. Бүгін сіздер осы жердің тыныс-тіршілігімен таныс боласыздар.