Отырар ауданы туристерге не ұсына алады? | Дархан дала

Отырар ауданы Түркістан облысының батысында орналасқан, өңір ішкі және шетелдік туризмді қарқынды дамыту үшін барлық алғышарттарға ие: географиялық орналасуы мен жер бедерінің ерекшеліктері, қолайлы климат, табиғи, тарихи-мәдени және туристік-рекреациялық әлеуеттің байлығы. Негізгі бағыт әрине тарихи-зиярат туризмі. Мұнда мұсылман әлемі үшін қасиетті саналатын Арыстан баб кесенесі орналасқан. Кесене Түркістан өңіріне мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Яссауидің ұстазының қабірінің үстіне тұрғызылған. Қазіргі уақытта кесене Орталық Азиядағы мұсылмандар зиярат ететін орын қатарында және Көне Отырар қаласынының жанында орналасқан.

 

«Дархан дала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.