USD 326.28

EUR 398.12

РУБ 5.30

Digital.KZ. Қазақстандағы электронды коммерция

2017 жылы еліміздегі интернет нарықтағы сауда айналымы миллиард теңгеге жуықтады. Тауарлардың онлайн сатылымы 2015 жылдан бері 104 пайызға артты. Алайда виртуалды сауда елдегі жалпы сауданың бір-ақ пайызын алып отыр. Бүгінде цифрлану бізге қажет әр салада дамып жатыр. Еліміздің әр 18-ші тұрғыны тамағын ғаламтор арқылы сатып алып, билетін брондап, киімін тапсырыспен алдыртады екен. Онлайн-сауда – экономиканың цифрлану үдерісі ең алғаш келген үш секторының бірі. Бүгінде Желідегі дүкендердің қызметтері барынша автоматтандырылған. Солай болуы да керек. Өйткені бұл - біздің болашағымыз, - дейді мамандар.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде