Киік санын неге реттеу керек? | Экосана

2015 жылы киіктер қынадай қырылды. 300 мыңдай ақбөкен бірден екі есеге азайды. Көздің қарашығындай қорғап 7 жыл ішінде бір миллионнан асырып едік. Енді соны кең далаға сыйғызбай барамыз.

Алайда салаға жауапты министрлік арнайы зерттеу жүргізіп бас қатырған жоқ. Ату керек деген бастама көтерді. Бұл ұсыныс жұрттың шамына тиді. Тіпті киіктер егінін таптап жатса да фермерлер қауымдастығы атуды құп көрмейді. Шығынға батса да ақбөкеннің киесі ұрады деп табиғаттың тамашасын өлімге қимайды.

Бірақ шаруалардың шығынын өтеу қажет. Жерге дән егіп терлеген диқандардың еңбегі елеусіз қалмауы тиіс. Мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігі қалай реттемек?

Киік санын неге реттеу керек? Ұлан-ғайыр далаға көрген жұртты сүйсіндірген жезкиік қалайша сыймай барады? Бейнет еткен шаруалардың жанайқайын естір құлақ ести ме? «Экосана» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы сұрақтарға жауап іздейміз. 

«Экосана» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.