Азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда биотехнологияның тигізер пайдасы қандай? | Экосана

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету — елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтаумен теңбе-тең. Қазір әлемде бұл күрмеуі қиын түйткілге айналып барады. БҰҰ мәліметінше, 51 елдегі 124 миллион адам аштықтан зардап шеккен. Өкінішке қарай мұндай қиындыққа тап болғандардың саны жыл санап артуда. 2020 жылы жер шарының 811 миллион тұрғыны аш құрсақ жүргені айтылған еді. Жаға ұстатарлық жағдайды реттеу үшін әлем халқы бірігуі керек. Әйтпесе жалғыздың үні шықпас.