Елде қоқыс үйінділері 5 мыңнан асты

Абай мен Маңғыстау облысы тазалыққа салғырт. Ұлытау мен Астанада да жағдай мәз емес. Салғырттықтың салдарынан қала да, дала да ластанып кетті. Үкімет енді табиғат анаға жаны ашымайтындармен күресті күшейтпек. Айыппұл артады. Қоқыс шығаратындардың қозғалысы жіті бақыланады.