352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономика. Қазақстанның жарнама нарығы

  • 95

Қазақстан жаңалықтары

-          Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2018 жылдың мамыр айында 26,5 мың теңге болды. Бұл өткен жылғыдан 14 пайызға көп.

-          Орташа айлық номиналды жалақы көлемі мамырда 154583 теңге болды

-          Соңғы 3 жылда Алматыға келетін шетел туристерінің қатары 14 пайызға артқан.  

-          4 айдың қорытындысы бойынша қазақстанның автоөнеркәсібі 52,8 млрд теңгенің өнімін шығарды. Былтырғымен салыстырғанда саладағы өсім 83,1 пайыздан асқан

Әлем жаңалықтары

-          Ресей ОПЕК-тің мұнай өндірісін шектеу келісіміне қатысушы тараптарды қайтадан 2016 жылдың қазан айындағы көрсеткішке келуге шақырып отыр

-          Немістің өнеркәсіп және сауда палатасы «дизел дауына» байланысты келген шығын көлемін жартымиллиард евроға бағалады

-          Tesla компаниясының қайта құрылуына байланысты 4 мыңнан астам қызметкері жұмыстан босатылады. Компания қайта құру шаралары өндірістің өнімділігін арттыру үшін жасалып отыр

-          АҚШ-тың мемлекеттік бюджет тапшылығы мамыр айында өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 66 пайызға артты. Сөйтіп 146 млрд 800 млн долларға жетті

Сараптама

Технологиялар қоғам өміріне дендеп енуде. Ондаған жылдар бұрын ғана ел азаматтары ақпаратқа негізінен телевизор, радио, газеттер арқылы қанық болатын. Ал бүгінде интернет игілігін көріп жүргендер басым. Тіпті, көпшілік күнделікті өмірін ғаламторсыз елестете алмайды. Жалпы, Қазнет келгелі ішкі нарықта аудитория, яғни тұтынушы үшін талас басталды. (спикерлер: Пірманова М.- консалтингтік компания директоры; Старцева Т. - TNS CentralAsia бас директоры)

Хабар 24 телеарнасы