359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономика. Қазақстанда технологиялық блокчейн дамыту

  • 111

Қазақстан жаңалықтары

-          Жарты жылдан астам уақыт ілгері баспаған шағын бизнесті несиелеу саласы оң динамика көрсетті. Бір айда шамамен +2%

-          Мамыр айында Қазақстанның халық саны 18 млн 200 мың адамға жетті. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 0,4 пайызға көп

-          4 айда қазақстандық фармацевтикалық компаниялар 9мың 200 тонна медикамент шығарған. Бұл былтырғыдан 47,1 пайызға көп

-          Қазақстанның Ұлттық банкі Clearstream-мен бірлесіп, Қазақстанның құнды қағаздарын Clearstream жүйесінде есептелетін құнды қағаздар қатарына қосуға арналған жобаны қолға алды

Әлем жаңалықтары

-          АҚШ Қытайдың жалпы құны 50 млрд доллар болатын 1 мың 100 атаулы тауарына 25 пайыз көлемінде баж салығын енгізді

-          23 маусымда ОПЕК мүше мемлекеттер мен мұнай өндіру көлемін азайту келісіміне қатысушы елдер квоталарды қайта бөлу жайын талқылайды

-          Осы жылдың сәуір айында Италияның мемлекеттік қарызының мөлшері рекордттың деңгейге жетті. Дәлірек айтсақ, 2трлн 311 млрд еуро болып, тарихи максимумын жаңартты

-          "Газпром" және Оңтүстік Корея Солтүстік Корея арқылы өтетін газ құбырын салуға қатысты келіссөздерін жаңғыртты

Сараптама

Қазақстанда блокчейнді көбінесе майнингпен және криптовалютамен, соның ішінде Биткоинмен байланыстырады. Ал, бұл технологияның қадірін жете түсінетіндер әзірге некен-саяқ. Блокчейн деп белгілі бір тәртіппен түзілген блоктардың үзіліссіз әрі жүйелі тізбегін атайды. Ол сұрыпталған мәліметтер қоры сақталады. Қоғамның қай-қай саласына да блокчейннен келетін пайда зор. (спикерлер: Жұмағалиев А.- ҚР премьер-министрінің орынбасары;  Дорджиев А.- «Блокчейн және криптотехнология ұлттық қауымдастығының» президенті)

 

Хабар 24 телеарнасы