352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономика. Қазақстанның су транспорттық жүйесі

  • 132

Қазақстан жаңалықтары

-          Биылғы бірінші тоқсанда денсаулық сақтау саласында 241 млрд 900 млн теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,6 пайызға кем

-          ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жер қойнауын пайдалану құқығын аукцион тәртібінде беруге арналған байқау өтті

-          Биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша сақтандыру компанияларының жалпы активі 948 млрд 100 млн теңге болды.

Әлем жаңалықтары

-          Тегеран Гаагадағы БҰҰ-ның сотына шағым түсірді. Онда Иран билігі елдің орталық банкінің активтерін бұғаттап тастауына байланысты қарсылығын білдірген

-          Ирак мамыр айында мұнай экспортының орташа тәуліктің көлемін сәуір айымен салыстырғанда 4,5% арттырды. Сөйтіп тәулігіне 3 млн 490 мың баррел қара алтынды сыртқа сатуда

-          Беларусь елінің Президент іс басқармасына қарасты Паритетбанк Сбербанктің украиналық еншілес компаниясын сатып алуға құжаттар тапсырғанын хабарлады

-          Америкалық Harley-Davidson мотоциклін өндіруші компания еуропалық нарықпен жұмыс істейтін өндіріс ошақтарын АҚШ аумағынан көшіреді.

Сараптама

Каспий теңізі және 4 мың шақырымға созылған ішкі су маршруты. Бүгінгі Қазақстанның су транспорттық жүйесі осындай. Теңізде 300-ден астам,  өзендер мен каналдарда 700-ден артық кеме жұмыс істейді. Жыл сайын су транспорты арқылы 7 млн тонна жүк тасымалданады. Басты бағыттар – Ресей, Иран және Әзербайжан. Айта кетейік, өзен арқылы жөнелтілетін тауарға қарағанда Каспиймен тасымалданатын жүк көлемі анағұрлым  көбірек. ( спикерлер: Тілепов Қ. ҚР ИДМ көлік комитетінің су көлігі басқармасының басшысы;  Мұқұшев Қ.- Қазақстан транспортшылары одағы бас директорының орынбасары; Юдин Н.- теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының жетекшісі)

Хабар 24 телеарнасы