363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономика. Қазақстанда тұтыну электроникасының нарығы

  • 82

Қазақстан жаңалықтары

-          Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы, 2018 жылдың бірінші жартысында таза табысты 35%-ке арттырып, 2 млрд 700 млн теңгеге дейін жеткізді. Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес мерзімінде, табыс 2 млрд теңге болды

-          Ауылшаруашылығына қаржылай қолдау көрсететін қор, жаңа «Сыбаға» бағдарламасын іске қосып жатыр. Оның аясында, шаруаларға, жылдық 4 процент мөлшерлемесі бойынша, 15 жылға 40 млн теңгеге дейін несие беріледі

-          2018 жылдың қаңтар-маусымында, Қазақстанда берілген несие көлемі 6 трлн 100 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда, 27%-ке артық

Әлем жаңалықтары

-          Ресейдің «Яндекс» трансұлттық компаниясы мен Mail.ru технологиялық компаниясы, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығы үшін есеп берді

-          Amazon.com Inc. интернет-ритейлері, 2018 жылдың екінші тоқсанында таза табысты, дерлік 13 есеге ұлғайтты. Бұл ретте, көрсеткіштің алғаш рет 2 млрд доллардан асқанын айта кеткен жөн

Сараптама

Электроникаға сұраныс азайған екі жылдан кейін, өткен жылы нарықта айтарлықтай өрлеу болды. Барлық сегмент бойынша, орташа есеппен өсім, 30 процент болды. Оның ішінде, ең көзге көрінерлік көрсеткіш смартфондар санатында – плюс 44% болды. Ритейлдің жалпы көлемі 760 млрд теңгеге жетті. (спикерлер: Пірманова М.- консалтингтік компанияның директоры; Досов О.- ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының аға ғылыми қызметкері)

Хабар 24 телеарнасы