361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономика. Қазақстандағы ішкі туризм

  • 45

Қазақстан жаңалықтары

-          Шілдеде астаналық қоғамдық көлікте жолақысын төлеуге арналған 200 мыңнан астам AstraPlat транспорттық картасы сатылған

-          2018 жылдың шілде айының соңында, ҚР Ұлттық Банкінің қаражаты - 22 трлн 100 млрд теңге болған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2%-ке кем

-          Маусым айының қорытындысы бойынша, ҚР-дағы шағын белсенді кәсіпорындар саны - 147 мыңға жеткен. Бұл мамыр айына қарағанда, 2,1%-ке артық және бір жыл бұрынғыдан 8,9%-ке көп

-          «7-20-25» ипотекалық тұрғын үйді несиелеу бағдарламасы іске қосылғалы бері, 4 млрд 800 млн теңгенің, 422 ипотекалық несиесін беру мақұлданған

Әлем жаңалықтары

-          Twitter әлеуметтік желімсінің акциялары, 20,54%-ке құлдырап, бір акция 34 доллар 12 цент белгісіне дейін түсті

-          «МТС» жария акционерлік қоғамы, Дүниежүзілік банк жанындағы инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталыққа, Түркіменстанның үстінен шағым түсірді

-          Ресей үкіметі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын 2020-жылға дейін созды. Қиыр Шығыс тұрғындары үшін жеңілдік 25%-ке дейін ұлғайтылды

Сараптама

Қазір демалыс маусымының қызған шағы. Біреу, саяжайда, тағы біреулері теңіз жағасында тынығып жатса, келесілері қайда барып демалуды ойластыруда. Статистикалық деректерге сай, Қазақстандағы ішкі туризм жылдан жылға күшейіп келеді. Мысалы 2004 жылы ел ішінде тынығуды місе тұтқандар саны 800 мыңнан сәл ғана асқан болса, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, 4,5 млн адамға жеткен. (спикерлер: Қарабаева Р.- Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті; Нұркебаева Ә.- Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастыеғының президенті)

Хабар 24 телеарнасы