352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономика. ЕАЭС: Сауда

  • 140

Қазақстан жаңалықтары

-          Астанада ай сайын инвестиция өсімі байқалып отыр. Жыл басынан бері 519 млрд 900 млн теңге тартылған. Бұл туралы 7 айға жасалған есептік талдауда айтылған

-          2018 жылдың қыркүйегінде, «Астана-Теміртау» трассасында тестілік режимде жолға ақы алу енгізіледі

-          2018 жылдың алғашқы жартысында, Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен тауар айналымы, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, дерлік 6,5%-ке артқан

-          Алғашқы жарты жылдықта басқарушы компаниялар, 4 млрд-тан астам теңге табыс тапқан. Бұл бір жыл бұрынғыдан, 53%-ке кем деп есептейді

Әлем жаңалықтары

-          Andurand Capital мен Westbeck Capital-дың хедж-қорларының мұнайлық бағасы, алдағы бір жарым жылда, баррелі қазіргі 72 доллардан, 150 долларға дейін өседі деп күтіліп отыр

-          Түркия АҚШ-тан жеткізілетін 22 тауар аталымына енгізу бажының мөлшерін екі есеге ұлғайтты

-          Американың Constellation Brands компаниясы, марихуана өндіруші, канадалық Canopy Growth Corp.-дағы өз үлесін 38%-ке дейін арттырмақ ниетте. Ол үшін компанияға 3 млрд 800 млн доллар инвестицияламақшы 

Сараптама

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің саудасы қызып келеді. Сыртқымен қатар ішкі тауар айналымы да нығаюда. 2018 жылдың алғашқы тоқсанында, мемлекеттер өзара 14 млрд доллардың саудасын жасаған. 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 16,4%*-ке артқан.  Мұндай тренд осы жылдың мамырына дейін сақталды. (спикерлер:  Жантасов Т.- ҚР ҰЭМ халықаралық экономикалық бірігу департаменті басқармасының жетекшісі; Тайбекұлы А.- ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасының ғылыми қызметкері)

Хабар 24 телеарнасы