Әлеуметтік сала

Әлеуметтік сала

25 жыл ішінде Қазақстанға 957 мың қандасымыз келді. 1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралған. Бұл ел тұрғындарының жалпы санының 5,5%-ын құрайды. Қандастарымыздың көпшілігі, яғни 61,6%-ы Өзбекстаннан келген, сондай-ақ 14,2%-ы Қытайдан, 9,2%-ы Моңғолиядан, 6,8%-ы Түрікменстаннан, 4,6%-ы Ресейден және 3,6%-ы өзге елдерден келді.

Ақпарат көзі: ҚР ДСӘДМ