Заң жобасы. Президент Жолдауы қолданыстағы заңдарға қалай әсер етеді?

Елбасы Жолдауының әр тармағында халықтың көкейінде жүрген жүздеген сауал жатыр. Сол көп мәселенің шешімі Парламент депутаттарының қолында. Бұл үшін бірқатар заңдарға өзгеріс енгізу қажет. Депутаттар экономикалық және әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлмек. Яғни ең алдымен жер қойнауын пайдалану, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету және әлеуметтік төлемдерге қатысты нормаларды қайта қарастырып толықтырмақ. Жалпы Президенттің биылғы Жолдауының қолданыстағы заңдарға қалай әсер ететіні туралы осы хабарымызда айтамыз.