Заң жобасы. Әскери полигондарды жалға беру

Қазақстан Ресейге 4 бірдей полигонын жалға берген. Көршілеріміз уақытша пайдаланып отырған жердің жалпы көлемі 2 млн гектарға жуық. Олар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында орналасқан. Президент Қорғаныс министрлігіне жылдар бойы әскери жаттығулар өтіп жатқан жерлерді ел азаматтарына қайтаруды тапсырды. Ал Парламент ең алдымен Ембіні жалға беруді тоқтату туралы шешім қабылдады. Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.