Өнеркәсіп. Биыл Қазақстанға тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 5,4 млрд долларды құрады

Қазақстан биыл да инвестициялық тартымдылығын сақтап тұр. Көрсетілген артықшылықтар мен жеңілдіктердің арқасында 2017 жылдың бірінші тоқсанында мұнай саласына тартылған қаражат көлемі 2 жарым есеге, ал өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция мөлшері екі есеге өсті. Сонымен қатар тартылған тікелей инвестициялардың жалпы сомасы 5,4 млрд АҚШ долларын құрап, 2016 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 19%-ға асты.