Экономика. Сүт өнімдері өнеркәсібі

Бүгінгі таңда сүт секторы Қазақстандағы ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі бойынша 2-ші орында. Бұл барлық агроөнеркәсіп кешенінің өнімі құнының 16%-ын қамтиды. Сиыр сүті басқа жануарлардың сүтіне қарағанда анағұрлым кең тарап кеткен. Ол таза күйінде болсын одан өндірілген азық-түлік, яғни ірімшік, сарымай, қаймақ немесе айран күйінде болсын күн сайын әр отбасының дастарқанынан ойып тұрып орын алады.