Экономика. Микроқаржы құзыреті кеңейтіледі

Еліміздегі микроқаржы ұйымдарының құзыреті кеңейтілуі мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы Ұлттық банкпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Шілденің біріндегі ахуал бойынша микроқаржы құрылымдарының жиынтық активтері 25%-ға артып, 157 766 млн теңгені құрады. Сонымен қатар мұндай компаниялардың қарыздық портфелі 30,5%-ға өскен.